“Патриот” Жан Ахмадиев әдепсіздік көрсетіп “масқара” болды (видео)
Өзін қазақ рэпінің негізін салушалырдың бірі санайтын Жан Ахмадиев әдепсіз қылық көрсетіп, елді тағы бір шулатты.
Ғаламторда Жан Ахмадиевтің белгісіз біреудің есік алдын ластап, үй иесін балағаттаған видеосы пайда болды.
Үш жігіт (арасында Жан Ахмадиев те бар) белгісіз біреудің есік алдына тоқтап, темекі шеккен. Шылымның қалдықтарын, сусын бөтелкелерін терезеден лақтырған әдепсіздер үй иесінің ескертуін құлаққа да ілмеген. Видеоға түсіріп, тәртіпсіздерді тәртіпке шақыруға тырысқан азамат ештеңе істей алмады.
«Сіздерге айтып тұрмын, көлігіңізді менің үйімнің алдынан алып кетесіз бе?» деген өтінішін орындамақ түгілі, жігіттер оның сөзін “қыстырмады да”. Керісінше үй иесін балағаттап, анайы сөздер айтты.
Әбден амалы таусылып, шарасы таусылған жігіт: «Мұсылмансың ба өзі?» – деп сұраған кезде ғана белгілі рэпер көліктен түскен. Алайда тәртіпсіздігі үшін кешірім сұрау үшін емес, ашуына тиген азаматты соққыға жығу үшін.
Болжам бойынша, Ахмадиевтің қасындағы екі жігіт кезінде «Кім кінәлі?» әнімен танылған «Бақай» тобы. Жігіттер жұдырығын ала жүгірген рэперді үй иесінен ажыратып, қоқысты жинап алды. Десе де, толықтай емес.
«Қазақпыз ғой» деп әндеткен патриоттың бүгінгі қылығы жұрттың ашуына тиді. Желі қолданушылары Ахмадиевті екіжүзділігі үшін айыптады.
«Саған ерген жастарға жаным ашиды», «Қажылыққа барып келіп, темекі шегіп, боқтап отырсың ба?», «Екіжүзді адамсың қазақты ақымақ қылған», – деп жазған YouTube желісінің қолданушылары Гйоко Митичьтің жүктеген видеосына.
Жіберіп алмаңыз: