"Пәтерімді беріп кеттім": Жігер Ауыпбаев бірінші отбасына қатысты пікір білдірді
Фото: Жеке парақшадан алынды
Әнші Жігер Ауыпбаев жеке өміріне қатысты пікір білдіріп, балаларымен араласып тұратынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі журналист Анна Данченкоға жан сырын ақтарды.
“Ең бастысы, пәтерімді беріп кеттім. Үйсіз-күйсіз жүрген жоқ. Балалармен араласып тұрамыз. Менің пранк жасап жатқанымды біледі. Әзіл ретінде түсінеді деп ойлаймын. Өнерге жақын. Бет көріспей кеткен күніміз болған емес”, – деді Жігер.
-
Жігер Ауыпбаевтың үйленгені туралы ақпарат тарады
-
Жігер Ауыпбаевтың үйленгені пранк болып шықты
Одан кейін өзінің де денсаулығы сыр беріп, сиқырланғанын да жасырмады.
“3 жылдың ішінде басымнан көп нәрсе өтті. Қазір қалыпқа келдім. Тіпті достарыммен де араласа алмай, оқшауланып кеткен едім. Біраз уақыт ауырдым, ашығын айтқанда, менде сиқыр болды. Денеме белсіздікке жасалған сиқырлардан біраз нәрселер шығып кетті. Осы нәрселерден айыға алмай жүрдім. Сол мақсатта да Умраға жиі бардым, дем салдырдым. Ән дайын тұрады, бірақ шығара алмай, үйде жата бергім келді. Жұмыс бастайын десем, өнбейді. Сондықтан үзілістер болып қалды”, – дейді ол.
Еске салайық, әнші пранк жасау үшін 2 миллион теңге жұмсағанын айтқан еді.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
