Пәтер ұтып алу үшін сауда үйінде ішкиіммен жүгірген қазақстандық 15 тәулікке қамалды
Видеодан скрин
Танымал блогерден пәтер ұтып алу үшін сауда үйінде ішкиіммен жүгірген қазақстандық ер адам 15 тәулікке қамалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Соттың мәліметінше, осы жылдың 21 қазанында ер адам Астанадағы сауда орталығында қолына плакат ұстап ішкиіммен, “Маған пәтер сыйла” деп айқайлап жүгірген.
“Осы әрекеті арқылы ол қоғамдық орында әкімшілік құқық бұзушылық жасады. Айыпталушының кінәсі іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, ер адамның түсініктемелері және Instagram желісінде жарияланған видеомен расталды. Сотта айыпталушы кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Ол сотқа пәтер ұтып алу үшін өзіне назар аудартқысы келгенін түсіндірді”, – делінген соттың баспасөз хабарламасында.
"Телефон ұтып алдыңыз": Ақтөбе тұрғыны алаяқтарға алданып, 1,5 миллион теңгесінен айырылды
Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.
Желіде жариялаған видеодан ер адамның танымал блогер Mellstroy өткізген пәтер ұтысына қатысқысы келгенін аңғаруға болады.
Айта кетейік, Mellstroy (Андрей Бурим) – белорус блогері, стример, арандатушы эфирлері және даулы бастамаларымен танымал.
Еске салсақ, бұған дейін бас прокуратура әлеуметтік желілерде ұтыстарға қатысатын қазақстандықтарға ескерту жасаған еді.
Ата-анамызды асырауға біз міндеттіміз бе?: Бұл сұрақ қазақстандықтардың пікірін екіге бөлді