Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Пәтер таңдап қойдық": Мөлдір Әуелбекова елден көшетінін айтты

Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Танымал әнші, “КешYOU” тобының экс-солисі Мөлдір Әуелбекова Қазақстаннан көшкелі жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. Ол жазбасында Малайзияның астанасы Куала-Лумпурдан пәтер таңдап қойғанын, жақын арада көшетінін мәлімдеді. 

“Куала-Лумпур! Жайлы қаланың жұмсақ тұрғындарына тамсандық! Пәтер таңдап кеттік! Бұйырса көшеміз! Айтар жаңалығым көп!” – деп жазды ол.


"Енді тұрмысқа шықпаймын": Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты жазба жариялады

"Бір тиын ақшасын қимай жүр": Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеулерін сынады


Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова 10 жылдан кейін бұрынғы күйеуін кешіргені хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 01 Сәуір, 2026 11:28