"Пәтер алу үшін": Желіде емізулі сәбиімен такси жүргізген әйел көптің талқысына түсті
Желіде емізулі сәбиін алып жүріп, такси жүргізген әйелдің видеосы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Instagram парақшаларының бірінде тараған видеода әйел жанына сәбиіне арнап арнайы орындық қойған.
"Түрлі реформалар мен сыбайлас жемқорлықтың нәтижесі осы – әйелдер сәбилерін алып, жұмыс істеуде", – делінген видеоның астында.
Бұл жазба көптеген желі қолданушыларының талқысына түсті.
Кейбіреулер: “Жарайсың, ешкімге қол жаймай, барынша еңбегін адал табуда!”, “Әрине, өкінішті! Бірақ ол өзінің қиындықтарына мемлекет көмектесуі керек деп міндеттемей, өзі әркекет етуде”, “Өте ақылды екені көрініп тұр”, деп ізгі тілектерін жаудырса, енді бірі “Пәтер алу үшін әдейі істеп жүр”, “Басқа жұмыс таппады ма, баласына қауіпті ғой”, “Енді барлық сәбимен отырған әйелдер пәтерлі болу үшін осылай жасайды”, – деген пікірлерді жаудырды.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр