"Пәтер, 5 автокөлік сатып алып, отбасылық мейрамхана салған": Қызылордада криптовалютамен заңсыз кіріс тапқандардың ісі сотқа жіберілді
Фото: Видеодан скрин
Қызылордада кәсіби ақша жылыстатушылар тобы криптовалютаны пайдаланып, есірткі сатудан түскен 603 миллион теңгені заңдастырғаны үшін сотқа жолданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржы мониторингі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті цифрлық активтердің заңсыз айналымын ұйымдастыру және есірткі сатудан түскен кірістерді заңдастыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады.
Бір жыл бойы кәсіби ақша жылыстатушылар тобы Binance платформасында цифрлық активтерді айырбастау операцияларын жүргізген.
Криптоәмияндар арқылы өткен жалпы айналым 1,88 миллиард теңгеден асты.
Сонымен қатар күдіктілер "Fresh", "Butterfly", "CrystalOrganic", "Траутвайт НОН киви" және "SkittyShop" Telegram-арналары арқылы есірткі сатудан түскен 603 миллион теңгені заңдастырған.
Схемада шетел азаматтарының атына тіркелген дроп-карталардың ұйымдасқан желісі пайдаланылған.
Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдіктілер тұрғын үй, пәтер, 5 автокөлік сатып алып, сондай-ақ отбасылық мейрамхана салған.
Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды. Екі күдікті қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.
- Ер адам 13 жыл бойы әйелін есірткі беріп ұйықтатып, достарымен бірге зорлап келген
- Венесуэла президенті мен оның әйеліне есірткі тасымалымен айналысты деген айып тағылды
Еске салайық, бұған дейін есірткі қолданғанын айтып, тікелей эфирге шыққан қазақстандық блогер 10 тәулікке қамалғанын жаздық. Бұған дейін әлеуметтік желіде “077Diva” лақап атымен танымал 20 жастағы блогер Әсел Құдайбергенованың есірткі қолданғанын, есірткінің әсері туралы айтқан видеосы тарады. Осы видеодан кейін блогер полиция бөліміне жеткізіліп, сараптама нәтижесінде қыздың ағзасынан есірткі заттары анықталды.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар