Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа атыраулықтар қасқыр терісінен шапан жапты
Грек-рим күресінен Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа атыраулық кәсіпкерлер қасқыр терісінен жасалған шапан жапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атыраудағы Oil Capital Cup турниріне құрметті қонақ ретінде шақырылған Демеу Жадыраевқа қасқыр терісінен тігілген шапан жауып, құрмет көрсетті. Бұны атыраулық кәсіпкер әрі Атырау күрес федерациясының басшысы Арман Тұғаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
“Қасқыр мінезді Демеу бауырыма қасқыр терісінен шапан” – деп жазды кәсіпкер.
Сондай-ақ Демеумен бірге Атыраудағы турнирге қырғыз күресінің аңызы Ақжол Махмұдов та құрметті қонақ ретінде келіп, жастармен кездесу өткізді.
Айта кетейік, Демеу Жадыраев пен Ақжол Махмұдов Париж олимпиадасының ширек финалында жолығып, Жадыраев 3:0 есебімен жеңіске жеткен еді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

