Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Париж-2024: Ту ұстаған спортшы мен мергендеріміз жарыста медальсіз қалды

Олимпиада ойындарында Қазақстанның туын ұтсап шыққан жеңіл атлетіміз бен мергендеріміз олимпиаданы ерте жолдан аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҰОК

Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Сафронов 200 метрге жүгіруден жұбаныш айналымында сынға түсіп, жартылай финал жолдамасына таласты. Отандасымызға жартылай финалға жолдама алу үшін өз тобында бірінші орын алуы керек еді, бірақ Сафронова өз тобында тек алтыншы орын алып, Париждегі олимпиада ойындарын ерте аяқтады. 

Сондай-ақ стенд атудан аралас командалық жарыста Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко сынға түсіп, финалға жолдама беретіндей нәтиже көрсете алмады. 15 команда қатысқан іріктеу кезеңде Ещенко мен Орынбай жұбы 140 ұпаймен 12-орын алды. Ал финалға тек үздік төрт команда жолдама алады.

Айта кетейік, Париждегі олимпиада ойындарының медальдық есебінде Қазақстан 28-орында тұр. Біздің құраманың қоржынында 1 алтын, 1 күміс және 2 қола бар.

Талқылау