Париж-2024: Азамат Дәулетбеков пен Мейрамбек Қартбай алғашқы белдесуінде жеңілді
Бүгін Париж олимпиадасында жарыс алаңына шыққан еркін күрес шеберлері алғашқы айналымда қарсыластарына есе жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бүгін Париж бозкілемінде бақ сынаған еркін күрес шеберлері алғашқы кездесулерінде жеңіліп қалды. Жарыстың алғашқы күнінде 57 мен 86 келі салмақтағы спортшылар қарсыластарына есе жіберіп, ширек финалға шыға алмады. 86 келіде ел намысын қорғайтын Азамат Дәулетбеков алғашқы белдесуінде-ақ Токиодағы олимпиада ойындарының жеңімпазы Давид Тэйлорды ұтқан Арон Брукспен кездесіп, 1:4 есебімен жеңілсе, 57 келідегі Мейрамбек Қартбай алғашқы айналымда қырғызстандық Бекзат Алмазулуға есе жіберді.
Айта кетейік, егер отандастарымызды ұтқан спортшылар финалға дейін жетсе, балуандарымыздың жүлдеге таласатын мүмкіндігі бар.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

