Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Париж-2024: Айдос Сұлтанғали мен Әлімхан Сыздықов жүлдесіз қалды

Париж олимпиадасында грек-рим күресінен ел намысын қорғаған Айдос Сұлтанғали мен Әлімхан Сыздықов жарысты жүлдесіз аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҰОК

Грек-рим күресінен Париж олимпиадасында сынға түскен 60 келідегі Айдос Сұлтанғали мен аса ауыр салмақтағы Әлімхан Сыздықов жарысты жүлдесіз анықтады. Айдос алғашқы белдесуінде екі дүркін әлем чемпионы, қырғызстандық Жоламан Шершенбековке ұтылып қалса, Жоламан жартылай финалда жапон жампозы Кеничиро Фумитаға есе жіберді. Осылайша Айдос жүлдеге таласу мүмкіндігінен айырылды.

Аса ауыр салмақтағы Әлімхан Сыздықов алғашқы белдесуін сәтті өткізгенімен ширек финалда әзірбайжандық Сабах Шариатиге қарсы өткізіп, 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Ал Әлімханды ұтқан Сабах жартылай финалда төрт дүркін олимпиада чемпионы Михайн Лопестің осал тұсын таба алмай, жеңіліс тапты. Сөйтіп Әлімхан да Париж олимпиадасында сәтсіз өнер көрсетті.

Айта кетейік, қазақ балуандары грек-рим күресінен соңғы рет Бейжің олимпиадасында жүлде алған еді. Одан кейін қазақстандық балуандар жеңіс тұғырынан көрінген жоқ. 

 

 

 

Талқылау