Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Париж-2024: Әлімхан Сыздықов алғашқы айналымнан сәтті өтті

Париж олимпиадасында грек-рим күресінен сынға түсіп жатқан Әлімхан Сыздықов алғашқы айналымды сәтті бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҰОК

Париж олимпиадасында ел намысын қорғап жатқан Әлімхан Сыздықов алғашқы айналымды сәтті бастады. Аса ауыр салмақта сынға түскен отандасымыз бірінші белдесуін румыниялық Алин Алексукқа қарсы өткізіп, 3: 1 есебімен жеңіске жетті. Әлімхан енді ширек финалда әзірбайжандық балуанға қарсы белдеседі. Егер оны жеңетін болса, жартылай финалда кубалық Лопеспен жолығуы мүмкін.

Айта кетейік, олимпиада ойындарында Қазақстанның туын ұтсап шыққан жеңіл атлетіміз бен мергендеріміз олимпиаданы ерте жолдан аяқтағанын жазған едік. 

Талқылау