Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пара ретінде қой алған ақтөбелік полицейлерге 1,7 миллион теңге айыппұл салынды

Хромтау аудандық сотының үкімімен Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданының екі полция қызметкері адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара алуда айыпты деп танылды.

1 (1)

Сурет: funtema.ru 

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметкері хабарлады.

«Соттың анықтауынша, 2015 жылдың 16 маусымында Қарғалы ауданы ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің учаскелік инспекторы және Қарғалы ауданы ІІБ көші-қон полиция тобының инспекторы  адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен айыпкерден бір саулық алған», – деп жазылған баспасөз парағында.

Бір саулық алған полиция қызметкерлері айыпкердің қаруын қайтарып берген.

Сот үкімімен оларға алынған параның 70 есе көлемінде – 1,7 миллион теңге айыппұл салынды. Және мемлекеттік қызметте, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеуге өмір бойы тыйым салынып, мүліктері тәркіленеді.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ және оған шағым түсіруге болады.

Жіберіп алмаңыз:

Қызылорда облысында ауыл әкімі пара алып жатқан жерінен ұсталды

Рудныйда салық қызметкері пара алып жатқан жерінен ұсталды

Астананың бұрынғы полицейлері пара алғанына өкінді

Талқылау