Пандемия кезінде дәрігерлерге миллиондаған үстемақы төленбеген –Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Коранавирус індетіне қарсы күрес кезінде медицина қызметкерлеріне миллион теңгеден астам қаржы төленбегені анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Жамбыл облысына қарасты аудандық бас дәрігерлердің біріне қатысты сот алды тергеу ісі жіберілді. Атап айтқанда, әңгіме коронавирус індетіне қарсы күрескен аудандық аурухана қызметкерлеріне төленбеген 2,7 млн теңге аясында болып отыр", - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бегайдаров агенттікте онлайн өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар, Шымкентте инфекция қаупі жоқ адамдарға 50 миллион теңгеден астам мөлшерде негізсіз жәрдемақы төлеу фактісі бойынша қаладағы медициналық мекемелердің лауазымды адамдарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Оған қоса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, Қызылорда облысында мамандарды тарта отырып, аудандық аурухананың медицина қызметкерлеріне 12 миллион теңгеден астам мөлшерде көтерме ақыны негізсіз төлеу фактісі бойынша тексеру басталды.
Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі медициналық жәрдемақы төлеудегі заң бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудиттің материалдарын шара қолдану үшін облыс әкімдігіне жолдады. Облыстық әкімдіктің бірқатар медициналық мекемелердің бас дәрігерлері мен медицина қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартқаны туралы хабарланды.
Алматы облысында әскери сот Талдықорған әскери госпиталінің басшысы полковник Көлбаевқа 11 миллион теңге төлем түрінде үкім шығарды. Бастықтың делдалдығымен аурухана медбикесі жеке еңбек келісімшартын ұзарқаны үшін миллион теңге көлемінде пара алды. Оған қоса, медициналық сыйлықақының 50 пайызын да Қасанғалиев алған.