Палуан Жәмилә Бақбергенова төрт дүркін Азия чемпионы атанды
Қазақстандық палуан Жәмилә Бақбергенова 4 дүркін Азия чемпионы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Жәмилә Бақбергенова 72 келі салмақта Иордания астанасында өтіп жатқан әйелдер күресінен Азия чемпионатында жеңіске жетті.
"Ол ақтық сында қытайлық қарсыласы Юйци Люге еш мүмкіндік бермей, 4 дүркін құрлық үздігіне айналды. Ол – мұндай жетістікке жеткен әйелдер арасындағы 3-қазақ палуаны. Сондай-ақ оның еншісінде тағы бір күміс пен 1 қола бар", – делінген хабарламада.
Осымен әйелдер күресінен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Команда 1 алтын, 1 қолаға ие болды.
Еске салсақ, бұған дейін әйелдер күресінен үш бірдей қазақстандық спортшы қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алғаны жазылды.
Боксшы Назым Қызайбай да әлемнің үш дүркін чемпионы атанған еді.
Талқылау