Пако Латорре: Қазақстандық футбол клубтарын Еуропаның топ командаларымен салыстыру қиын
Танымал испандық функционер, "Барселона" жобаларында жұмыс істеген Пако Латорре Meta Sport Forum конференциясында қазақстандық командаларды Еуропа алыптарымен салыстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/metaratings.kz
Meta Sport Forum аясында маман қатысушылармен сұрақ-жауап өткізді. Испандық функционерге спорт мамандары Қазақстан мен Еуропалық клубтардың айырмашылығын айтып беруді сұрады.
"Әрине, сіздердің командаларыңызды Еуропаның топ командаларымен салыстыру қиын, бірақ қазір еңбек пен белсенділіктің арқасында жетістікке жетуге болады. Ірі турнирлерге қатысу үшін әртүрлі жолдар бар. Қазақстандық клубтардың Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасына шыққанын білемін, және бұл жергілікті футбол үшін өте маңызды деп ойлаймын. Барлық бағыттар, соның ішінде инфрақұрылым дамыған сайын, қазақстандық футбол да өседі", – деп түйіндеді Латорре.
- Қазақстанға футболдан екі дүркін әлем чемпионы Кафу келді
- Алматыда халықаралық Meta Sport Forum басталды
Айта кетейік, Алматы қаласында Орталық Азия елдерінде спорттық индустрияны дамыту мақсатында Meta Sport Forum конференциясы өтуде. Халықаралық іс-шараға бразилиялық атақты футболшы, әлемнің екі дүркін чемпионы Кафу қатысуда.

"Дәрігерлер ертерек бала туып ал деді": 24 жасында ерте климаксқа ұшырап, денсаулығы сыр берген ару қыз-келіншектерге жолдау жасады
