Пәкістанда мешіттегі теракт салдарынан 17 адам көз жұмды
Пәкістанның Пешавар қаласында лаңкес мешітте өзін-өзі жарып, 17 адам көз жұмды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жарылыс салдарынан кем дегенде 90 адам жарақат алған.
"Мешітте лаңкес жасаған жойқын жарылыстан 2 полицей көз жұмды, кем дегенде 90 адам жапа шекті", – делінген Geo арнасының хабарламасында.
Лаңкес мешітте бірінші қатарда тұрғанда бірнеше жарылыс жасаған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген. Олардың 13-і ауыр жағдайда.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"