Пәкістанда лаңкес сот ғимаратының алдында өзін жарып жіберді: 12 адам қаза тапты

Фото: AP Photo/W.K. Yousufzai
Пәкістан астанасы Исламабадтағы сот ғимаратының алдында болған террористік шабуыл салдарынан 12 адам қаза тауып, 27 адам жараланды. Пәкістан премьер-министрі бұл терактіні Үндістан ұйымдастырды деп айыптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TRT басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл – соңғы жылдардағы қалада болған алғашқы ірі теракт. Лаңкестік бірнеше мемлекеттік мекемелер орналасқан ауданда болғандықтан, адамдар қатты қорқып қалды.
“Шабуыл жасаған адам жарылғыш затты полиция көлігінің жанында іске қосқан”, – дейді елдің ішкі істер министрі Мохсин Накви.
БАҚ беттерінде тараған ақпаратке сенсек, шабуыл үшін жауапкершілікті Пәкістандағы “Талибан” ұйымынан бөлініп шыққан “Джамаат-уль-Ахрар” тобы өз мойнына алды.
Бұған дейін Пәкістан билігі шабуылға Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында әрекет ететін “Техрик-и-Талибан Пәкістан” ұйымын айыптаған еді, алайда бұл топ өздерінің қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Теракт Үндістан астанасы Дели қаласында болған көлік жарылысынан кейінгі келесі күні орын алды. Ол жарылыстан кем дегенде 13 адам қаза тапқан болатын.