Пәкістанда шенеуніктер бар кортежді мина жарып жіберді: Дипломаттар арасында Қазақстан елшісі де болды
22 қыркүйекте Хайбер Пухтунхва провинциясында 12 мемлекеттің елшілері, оның ішінде Қазақстан дипломаты бар полиция көлігін мина жарып жіберді. сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24KZ порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, дипломаттар арасында еліміздің елшісі де болған.
Үш полицей жараланып, біреуі қаза тапқан.
“Дипломатиялық корпус өкілдері зардап шеккен жоқ. Елшілер Исламабадқа оралды. Елшілер Исламабад сауда және өнеркәсіп палатасы ұйымдастырған туристік конференцияға қатысу үшін Сват қаласына жіберілді", – делінген сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Иран президенті мінген тікұшақ Әзірбайжан шекарасына жақын Верзеганда апатқа ұшыраған еді. Тікұшақтағылардың барлығы да мерт болған дейді. Иран президенті Ибрахим Раиси мен сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян да қаза тапқан.Сондай-ақ тікұшақта Иранның Шығыс Әзірбайжан провинциясының губернаторы Малик Рахмети және Тебриз провинциясының аятолласы Али Хашим болған.