Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пәкістан мен Ауғанстан даулы шекарада бір-біріне әуе шабуылдарын жасады

Пәкістан мен Ауғанстан бір аптадан астам уақыттан бері бір-біріне шекарада әуе шабуылдарын жасап  жатыр. Салдарынан кем дегенде 46 адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bild Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Bild

Пәкістанның мәлімдеуінше, шабуылдар пәкістандық тәліптердің "баспаналарына" бағытталған. Ауған билігінің хабарлауынша, құрбан болған 46 адамның көпшілігі – әйелдер мен балалар.

Ауғанстан шекараға әскери техника мен 15 мың сарбазын орналастырды. Содан кейін ауғандар даулы шекарадағы Пәкістанның "бірнеше" позициясына шабуыл жасады. 

"Олардың ядролық бомбасы бар-жоғы бізді алаңдатпайды - бізде сенім бар және біз Құдайдың бізбен бірге екенін білеміз", – деді Талибанның жоғары лауазымды шенеунігі.

Пәкістан басшылары тәліптерді пәкістандық содырларға баспана берді деп айыптайды.

Жанжал тәліптер қару-жарақпен қамтамасыз ететін "Техрик-е Талибан Пәкістан" (ТТП) тобынан басталды. Tоп Пәкістанда дүрбелең тудырып жатыр. 2024 жылы  444 шабуыл жасалып, кем дегенде 685 адам мерт болды. БҰҰ дерегі бойынша "Техрик-е Талибан Пәкістанның" 6,5 мың адамы жасырынып жүр.

Алайда Талибан бұл топты террористік топ деп санамайды.

Талқылау