“Бағалау бойынша, Кабул, Пактия провинциясы және Кандагар провинциясы өңірлеріндегі әскери нысандарға жасалған соққылар салдарынан шығын бұдан да көп болуы мүмкін. Ауған тәліптерінің 27 бекеті жойылып, тоғызы басып алынды”, – деп баспасөз хатшысы X әлеуметтік желісінде жазды.
Оның айтуынша, екі корпус штабы, үш бригада штабы, екі оқ-дәрі қоймасы, бір материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасы, үш батальон штабы, екі сектор штабы және 80-нен астам техника, соның ішінде танктер, артиллериялық қарулар мен бронетранспортерлер жойылған.
Пәкістанның қорғаныс министрі Хаваджа Асиф Исламабадтың Ауғанстандағы тәліптер үкіметіне “ашық соғыс” жариялайтынын мәлімдеді.
“Енді біздің арамызда ашық соғыс болады. Бұл енді қанды соғысқа айналады. Пәкістан армиясы теңіздің ар жағынан келген жоқ. Біз – сендердің көршілеріңізбіз, барлық тарихыңды білемі”, – деп жазды ол X әлеуметтік желісінде жазды.
Министр тәліптер үкіметін “Ауғанстанды Үндістанның колониясына айналдырды”, елде “дүниежүзінің түкпір-түкпірінен келген террористерді жинап, терроризмді экспорттай бастады” және “Үндістанның қуыршағына айналды” деп айыптады.
