Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пәкістан Ауғанстанға әуе соққысын жасады: Ондаған адам қаза тапты

Пәкістан Ауғанстанға әуе соққысын жасады: Тәліптер ондаған адамның қаза тапқанын хабарладыФото: Hedayat Shah / AP Photo

Ауғанстан билігі Пәкістан әскері жасаған түнгі әуе соққыларының салдарынан әйелдер мен балаларды қосқанда ондаған адам қаза тауып, жарақат алғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Ауғанстанның Қорғаныс министрлігі әуе соққылары Нангархар және Пактика провинцияларының азаматтық аудандарына жасалғанын хабарлады. Олар бұл шабуылды “Ауғанстанның аумақтық тұтастығын және халықаралық құқықты қатты бұзу” деп атаған.

Нангархар провинциясының билік өкілдері әуе соққыларының бірі Шахабуддин есімді адамның үйіне тиген. Салдарынан оның отбасындағы әйелдер мен балаларды қосқанда шамамен 20 адам қаза тапты.

Исламабад үкіметі бұл шабуылдардың мақсаты Пәкістан-Ауғанстан шекарасына жақын жерлердегі жеті күдікті қарулы топтардың лагері мен жасырын жерлеріне бағытталғанын мәлімдеді.

“Әуе соққыларының нысаны тыйым салынған “Техрик-и-Талибан Пәкістан” және “Ислам мемлекеті – Хорасан провинциясы” ұйымдарының мүшелері мен олардың филиалдары болды”, – деп мәлімдеді Пәкістанның Ақпарат және телерадиохабар тарату министрлігі.

Министрлік бұл шабуылдарды Пәкістандағы соңғы өзін-өзі жарған террористік актілерге “қатаң жауап” екенін айтты. Министрліктің мәліметінше, бұл терактілерді жасаған топтар Кабулде жасырынған.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 23 Ақпан, 2026 12:53