Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзіңсіз 19 жыл өтті": Ақбота Нұр марқұм анасын есіне алды

Танымал әнші Ақбота Сейтмағамбет марқұм анасына арнап, жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/akbotanurabaykyzy/

Өнер иесінің ата-анасы ертеректе көз жұмған. 

“Анашым, туған күніңмен! Өзіңсіз 19 жыл өтті. Сағынып еске алдым мен бүгін, жетпей қалды маған берген жылуың, “Ана” деген үш-ақ ауыз сөзімді, айта алмай қиналдым мен бүгін”, – деп жазды әнші. 



Айта кетейік, отандық шоу-бизнес өкілі ата-анасының неден көз жұмғанын айтқан еді. 

“Өзім Түркістан қаласында тудым. Қырқымнан шыға салып, ата-анам мені Кентауға алып кетті. 2 жаста болғанда інім дүниеге келді. 3 жасқа келгенімде әкеміз жол апатынан қайтыс болды. Ал анамыз мен 9, інім 7 жаста болған кезде өмірден озды. Екі жыл бойы қатты ауырды. Сол дерттен көз жұмды”, – деген еді өнер иесі.

Еске салайық, Ақбота Нұр мен Дәурен Айдарқұлов бірге көзге түскенін жазған едік.  

Талқылау