"Өзіңнің туысың болса көрер едім": Алматы облысында ауруханаға келген әйел шу шығарды (видео)
Алматы облысындағы аурухана ғимаратында медициналық қызметкер мен қаралушы сөзге келіп қалды. Аталған жағдайдың видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Оқыс жағдай Қарасай аудандық ауруханасында болған. Қаралуға келген әйел аурухананың қызметкеріне дауыс көтеріп сөйлейді. Сондай-ақ, ол тынышталуды өтінген тағы бір медицина қызметкеріне ұрысып тастайды.
«Маған «тынышталыңыз» деме. Егер бұл сенің туысың болса, бәрін орнынан тік тұрғызатын едің. Сенімді болыңдар. Өздеріңнің жұмыстарыңды істеңдер», - деп дауыс көтерді әйел.
Әзірге кикілжіңнің неден шыққаны белгісіз. Естеріңізге сала кетсек, осыған ұқсас жағдай Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасында болған еді. Науқастың туысы қабылдау бөлімінің меңгерушісіне шабуылдады.
Талқылау
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді
Қыстағы лас ауа деңгейі айына 70 темекі түтінін жұтқанмен тең
Бір айда самокат айдаған 6,5 мың адамға айыппұл салынған: Қазақстандық кикшеринг иелері тәртіп бұзғандарды қалай жазалайды?
Самокатты жоғалтса, 195 000 мен 840 000 теңге аралығында айыппұл салынады