Өзін бір топ адам зорлағанын хабарлауға келген 13 жасар қызды полицей зорлап тастаған
Үнді полицейі бөлімшеге өзінің топпен зорланғанын хабарлау үшін келген 13 жастағы қызды зорлады деген айыппен қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.
Зорлық оқиғалары оның ішінде топтық зорлық-зомбылық Үндістанда бұрыннан таныс жағдай. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 2020 жылы, Үндістанда 28 379 әйел мен қыз зорланған, яғни әр 18 минут сайын.
Осы аптада Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадештегі оқиға туралы далит қоғамдастығындағы ( үнділік касталар жүйесінің төменгі сатысы) жасөспірім өзінің зорлануына байланысты шағым түсіре алғаннан кейін белгілі болды.
Өзінің шағымында ол 22 сәуірде төрт жігіттің көрші штатқа алып кетіп, топпен зорлағанын айтқан. Бірақ бірнеше күннен кейін ол қашып кеткен. 27 сәуір күні қыз полицияға бөлімшесіне зорланғанын айтып келгенде қайтадан зорланған.
Қашып кеткен күдікті сәрсенбі күні ұсталды. Оған балаларды жыныстық қылмыстардан қорғау туралы Заңға сәйкес айып тағылды.
Сонымен бірге полиция зорлау кезінде полиция бөлімшесінің ғимаратында болған тағы төрт адамды және қыздың туысын ұстады. Тұтқындалғандардың арасында Уттар-Прадештегі Лалитпурдағы ауылдық полиция бөлімінің бастығы бар, деп хабарлады Мемлекеттік полиция өкілі.
Болжалды шабуыл кезінде полицияда болған жиырма тоғыз лауазымды тұлға өз міндеттерін орындаудан шеттетілді.
"Кінәлі деп танылғандарға қатаң шаралар қабылданады. Зорлау оқиғасының құрбаны емдеу шаралары үшін аудандық ауруханаға жатқызылды", - деді Рейтерс агенттігіне берген сұхбатында полицияның аға офицері Прашант Кумар.
Бұл оқиға туралы жаңалық Үндістанның әлеуметтік желілерінде наразылық тудырды. Саясаткерлер мен белсенділер шұғыл шаралар қабылдауды және әйелдердің құқығын қорғауды талап етті.
"Егер полиция бөлімшелері әйелдер үшін қауіпті болса, онда олар қайда шағымданады? Үкімет [Уттар-Прадеш] полиция бөлімшелерін әйелдер үшін қауіпсіз ету үшін әйел офицерлерінің санын көбейту туралы ойламады ма? - деп жазды Конгресс оппозициялық партиясының аға мүшесі, Приянка Ганди Вадра.
Үндістанның зорлау туралы Заңдары мен үкім шығару ережелері 2012 жылы желтоқсанда Нью-Делиде студенттік топтық зорлаудан кейін қайта қаралды. Кейін жәбірленуші шабуыл кезінде алған жарақаттарынан қайтыс болған еді.
Оқиға бүкіл әлем бойынша талқыланып, Делиде жаппай наразылықтар тудырды. Үндістан жыныстық сипаттағы қылмыстармен күресу үшін жаңа қатаң заңдар енгізуге мәжбүр болды. Төрт адам 2020 жылы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылғаннан кейін өлім жазасына кесілді.
2018 жылы Үндістан балаларға жасалған көптеген қысымнан кейін қоғамның наразылығына жауап ретінде 12 жасқа дейінгі қыздарды зорлағандарға жаза ретінде өлім жазасын енгізді.