Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзіне пластикалық ота жасатқан қазақстандық блогер жұртты шулатты (фото, видео)

Қазақстандық блогер Эльвира Ерғалина бірнеше күн бұрын бетіне пластикалық ота жасатты. Желідегілер оның осы шешіміне қатысты түрлі жағымсыз пікір білдірген-ді. Арасында бұл әрекетін қоштағандар да болды.

18095431_1282757928506476_1279634219638718464_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Томпақ бетіммен түскен соңғы селфилерімнің бірі. Алматыға жолға шықтым. Бала кезден комплексіме айналған топ-томпақ беттерім мен “екінші иегіме” пластикалық ота жасатпақпын. Шошымаңыз. Пластикалық ота деген дүрдиген аты ғана… Суреттегідей соп-сопақ бетпен қайтамын. Үрдістің бəрін бастан-аяқ сіздермен бөлісіп отырам. Жасатып жатқаным соншалықты сұмдық нəрсе емес екенін көресіздер, əрі ақпараттанасыздар. Бұл ойымды “Амира” клиникасы қолдап, ертең ота үстінде тікелей эфирге шығуыма келісім берді. Ертең сағат 14:00-ден бастап парақшамды қарай жүріңіз. томпақ беттерімнің кішіреюіне куə боласыз. Алматылық достарым, емханада төсекке таңылып жатпаймын. Сондықтан кездесуге мүмкіндік бар”, – дейді Эльвира Ерғалина.

Блогердің осы жазбасынан кейін көпшілік оны сынай бастады. Оның бұл әрекетін “күнә” деп бағалады. “Алланың бергеніне шүкір етуің керек еді. Сен осы суретіңмен басқа қыздарды да қызықтырып отырсың. Олар ертең сен секілді үлкен күнәға барулары мүмкін. Бұл үшін жауап беретініңді біл”, “Эльвира, ерікпеңіз! Әдемі бетіңізді қорламауыңызды өтініп сұраймын! Сені осындай ота жасатады деп ойламаған едім. Кең Алланың сыйлаған әдемі жүзін қорлама! Кімге еліктеп жүрсің, сіңілім…”, “Видеоларыңызды не үшін саласыз? Өзіңізге ерген қыз балаларға беріп отырған тәрбиеңіз бе?!” деп жазады олар.

Арасында блогердің бұл әрекетін құптағандар да болды. Олар өз кезектерінде алғыс айтып, отаның құны туралы сұрады. “Жарайсың! Айтып қойғаныңыз бізге де пайдалы. Тексерілген клиникада жасатып жатырсыз. Оның үстіне отаға кеткен қаражат туралы ақпаратты бөлісесіз”, “Осы томпақтығыңызбен сүйкімдісіз”, “Әдетте жұрттар жасатқанын жасырып жатады” депйді желі қолданушылары.

Көп ұзамай Эльвира Ерғалина өз уәдесін орындады. Ота кезінде тікелей эфирге шығып, отаның сәтті өткенін хабарлады. Бойжеткен брнеше күн бетперде киіп жүруге мәжбүр.

“Өзімнің бетімді алып тастап, басқа біреудің бетін қойып қоятындай “ұрысып” едіңіздер кеше. Бүгін бетіме ота жасатып, үйде шəй ішіп отырмын. Жағдайым жақсы. Ота үстінде тікелей эфирге шықтық. Көрген шығарсыздар? Аяқ жағында интернет желісінде ақаулар пайда болды. Сонымен маған бүгін не істеді? Астанадан анализдарды тапсырып, бетіме киетін масканы алып, дайын келдім. Алматыда “Амира” клиникасы құшақ жая қарсы алды. Асқан сенімділікпен келген едім.

Поликлиника табалдырығын аттағаннан жүрегім тарсылдай бастады. Шыңғыс мырза қажетті кеңестерін айтып, қай жеріме не жасау керегін нақтыладық. Алдымен, “екінші иек” пен салбырап тұрған ұртыма липосакция жасады. Арнайы сұйықтықтың көмегімен иек астындағы майды ерітіп, сорып алып тастады. “Жергілікті наркозбен”. Оны бітірген соң, екінші ота басталып кетті. Бетімді ішкі жағынан тіліп, ұрт майының едəуір бөлігін алып тастау керек болған. Менде ұрт майы өте аз екен. Бетімнің томпақтығы тері асты майының қалыңдығынан. “Беті қалың” деген осы.  “Тері астындағы майдың қалың болғаны өте жақсы, əжім кеш түсетін болады,” – дейді Шыңғыс мырза.

Жəй қартаямын деп мəзбін. Бетімдегі Биша кесектері аз ғана, өте аз алынды. Кеше біразыңыз Құдайдан алдырмауымды қатты тілеп қойғансыздар-ау. Бəрі біткен соң бетіме маскамды киіп, үйге қайттым. Көшеде бəрі аяушылықпен қарап өтіп жатты. Маскамен 3 күн жүремін шешпей. 2 аптадан соң бетімнің ісігі толық басылуы керек… Əзірге анық сөйлей алмаймын, тамақты трубочкамен ішем, мимика болмау керек. Жазылғанша”, – дейді блогер.

Эльвира Ерғалина, мұнымен қатар, отаға қанша қаражат кеткенін нақтылады. Липосакция үшін-135 000 теңге, екінші ота үшін  – 120 000 теңге жұмсаған екен.


Жіберіп алмаңыз:

Тәуекел: Түсірілім біткен соң Азамат екеуміз жылап қоштастық

Тәуекел Мүсілім: Қазақ қыздарын шетелдіктерге беріп қойған өзіміз кінәліміз

Айдар Байжанов: Әйелді жасырған сайын бағалы болады

Желі оқырмандары Сивидің бояусыз түрін ұнатып қалды

Талқылау