Ауғанстан азаматы өзін қазақ деп деп таныстырып, қандас ретінде жәрдемақыны заңсыз алуға тырысқан.

Павлодар облысында қандастарды көшіру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында бюджет қаражатын жымқырған азаматтан 20 млн теңге тұратын пәтер мемлекет кірісіне тәркіленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Павлодар облысының прокуратурасы қандастарды көшіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында мүлікті тәркілеу туралы сотқа дейінгі өндірісті бастады.
"Тергеу барысында Ауғанстан Республикасының азаматы өзінің қазақ ұлтына жататыны туралы жалған мәліметтер мен құжаттар ұсыну арқылы әлеуметтік төлемдерді заңсыз алғаны анықталды. Аталған қаражат құны 20 миллион теңге болатын пәтер сатып алынған. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға жол бермеу мақсатында прокуратура органдарының өтініші бойынша сот мүлікті мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім қабылдады", – делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық қудалау органы тарапынан жүргізіліп жатыр.
- АҚШ-та екі қазақстандық азаматқа алаяқтық схемасын ұйымдастырды деген айып тағылды
- 2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында өңіраралық қоныс аудару бағдарламасына бөлінген 144 миллион теңге жымқырылғанын жазған едік. Сот процесі барысында "Успен ауданы карьерлік орталығы" филиалы мамандары бағдарламаның қатысушыларын алдағаны анықталды. Мәселен, қоныс аударушыларға сатып алынған тұрғын үйдің құнының жартысы көлемінде төлем жасау көзделген, ал ең жоғары төлем шегі 4 миллион теңге болған. Айыпталушылар алдын ала жалған нұсқаулар беріп, төмен бағамен үй табуды талап еткен. Ал сатып алу-сату келісімшартында бағасы жоғары көрсетілген – 8 миллион теңге. Қоныс аударушылар, айыпталушылардың нұсқауымен, шын мәнінде келісілген бағадан айырмашылығы бар соманы "Бағдарлама шарттары аясында" деп көрсетіп, соңғысына берген.
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Олар бір-бірін TikTok арқылы тапқан