Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзімше ене болуға дайындалдым": Гүлзира Айдарбекова қасы мен көзін өзгерткенін мойындады

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова қасына татуаж жасатып, қалай өзгерткенін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Шоу-бизнес жұлдызы, алғаш рет ене атанайын деп жатқанда жасарғысы келгенін мойындады. 

“Осыдан 18 жыл бұрын ене болайын деп жатырмын деп татуаж жасатып едім. Алғаш рет келін алған кезім. Қызық көрінген шығар?! Көзім мен қасымды өзгертіп алып едім. Татуаж хит заманда жасатып алып, орны көгеріп қалып, қиналып жүргеніміз рас. Дұрыс істемегесін көгеріп кететін. Қытайдың өнімі болғасын сондай болды ма, білмедім. Бірақ бәрі қызық үшін істелген еді. Ене боламын, құда-құдағайымды сұлу болып қарсы аламын деп ойлағаным есімде”, – деді продюсер. 



Еске салайық, Ақтөбелік әйел сәтсіз блефаропластиканың құрбаны болғанын жазған едік. Оған космитологиялық отаны фельдшердің жасағаны белгілі болып еді.

Бұған дейін, Алматыда артық салмақтан арылу үшін липосакция жасатқан 47 жастағы әйел көз жұмды. Хирургиялық операциядан кейін Құралай Батырханованың жағдайы нашарлап, жекеменшік клиникада жан тапсырған. Марқұмның жақындары болған іске дәрігерлерді кінәлап отыр. 

 

Талқылау