"Өзімнің бриллианттарым ойнамай қалды": Айгүл Иманбаева әріптесі Ақбота Керімбекованың тойында алған сыйлықтарын көрсетті
Танымал әнші Айгүл Иманбаева құдалық тойдан алған кәде-сыйларын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/aigul_imanbayeva/
Айта кетейік, әнші Ақбота Керімбекова ұлын үйлендірген еді.
“Мен Ақбота Керімбекованың үйінде байлықтың астына малынып отырмын. Құдалардан сыйлық, Мәдөктен сыйлық дегендей. Ақботаның аты – Мәдөк! Халқым, біліп жүріңіздер. Не болса да, сыйлықтың астында көміліп, тіпті, өзімнің бриллиантым ойнамай қалды", – деді өнер иесі.
-
"Көре алмай отыр деп ойлап қалмасын": Ақбота Керімбекова марапат алған әріптестерін сынап тастады
-
"Орамалың құтты болсын": Ақбота Керімбекова өнердегі құрбысы Айгүл Иманбаеваның жаңалығын жариялады
Екі мәрте ене атанып жатқан Ақбота Керімбекова да елге алғыс айтты.
“Қасиетті Рамазан айында,шаңырағыма жақсылығын берген Аллама сансын шүкір деймін. Әрбір ата ананың арманы – ұл қызының бақытын көру.
Сіздерге де шын жүрегімнен сол бақытты тілеймін. Тілеп жатқан тілек-дұғаларыңызға мың алғыс! Алла разы болсын! Еліміз аман болғай!
Жақсылығымды бөліскен барша жақындарыма алғыс айтамын! Бақыттың назарында болғайсыздар!”, – деп жазды той иесі.