Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзіме ұқсаған қара бала": Ұлды болған Серікзат Дүйсенғазин қуанышымен бөлісті

Жыл басында үлкен ұлынан айырылған айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазин “Ұйқым келмейді” бағдарламасында жаңа босанған келіншегі мен сәбиінің жағдайы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан кадр

Ақын елуден асқан шағында тағы да ұлды  болғанын айтып, қуанышын жасыра алмады.

“Көңіл күй керемет. Бұған дейін менің ұлым да, қызым да болды. Ол кезде бірыңғай шаттанып жүретінбіз. Ал мына жағдай ойландырады. Марқұм Әлихан баламның дүниеден өтуі, араға 9 айдай уақыт салып оның орнына мына баламның келуі Құдайдың құдіреті, хикмет. Мұсылман болған соң бір тылсымның бар екеніне сенесің. Аллаға сансыз шүкірліктер болсын. Жеңгелеріңіздің, баланың жағдайы жақсы. Баламды көрдім. Өзімнен айнымайтын қара бала. Ғұмыры ұзақ болсын! Негізі балаларымды өзімнің жүрген жолыммен ғылымға , өнерге тәрбиелеуге тырысамын”, – дейді Серікзат Дүйсенғазин.

Айтыскер ұлының есімін кім қоятынын айтты.

“Балаларымның есімдерін академиктер қойған. Бұл балама де есім беретін академик ағаларымызды ойлап отырмыз. Бұйырса жақсы есім қоямыз. Бұл бала – Әлиханның ізбасары. Сол себепті Әлиханның ізін жалғаған қайраткерлердің есімін қоятын шығармыз деп топшылап отырмыз. Осы жайында ағайын-туысқандармен, отбасыммен ақылдасып жатырмыз. Әзір ат қоюға мұршам боған жоқ. Бірақ алдағы уақытта әлеуметтік желіден қандай ат бергенімізді білетін боласыздар.  Негізі ана мен баланың жағдайын уайымдадық. Менің жасым да елуді еңсерді. Бұған дейін елуге келіп ұрпақты боламын деп ойлаған жоқпын. Бұл бала Құдайдың құдіретімен, халықтың тілеуімен дүниеге келді. Сол халықтың тілеуімен ғұмыры ұзақ болып, Жамбыл атасының жасын жасап, еліне еңбек сіңірсе екен деймін”, – деп жүрек түкпіріндегі арманымен бөлісті.

Айта кетейік, бұған дейін айтыскердің ұлды болғанын айтқан болатынбыз. 

Талқылау