Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзі хабарласты": Мөлдір Мұқанова әнші Қайрат Нұртастың қызын жұмысқа алды

мөлдір продюсерФото: Stan.kz

Танымал продюсер, әнші Мөлдір Мұқанова әріптесі Қайрат Нұртастың қызы Алауды қоластына жұмысқа алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесіне эстрада жұлдызының қызы өзі хабарласқан көрінеді. 

“Алау Қайратқызы – менің әріптесім. Менде "ММ" өнер-білім орталығы деген мектеп бар. Орталыққа Алау хабарласып, "Мөлдір апай, мен сізде жұмыс істегім келеді. Хореографиядан сабақ бергім келеді" деп хабарласқан болатын. Уақытын келістіріп, Алауды жұмысқа алдым. Қазір біршама шәкірттері бар. Алау менің және қыздарымның – әріптесі, қыздарымның – құрбысы", – деді продюсер “Жарқыраған жұлдыз” бағдарламасына берген сұхбатында. 



Айта кетейік, мегажұлдыздың қызы Алау Нұртас өзін “Қайрат Нұртастың қызы” деп атайтындарға үндеу жасаған еді. 

“Көңіліме тигенде де қатты тиеді. Өйткені мен туғанда маған "Қайрат Нұртастың қызы" деген есім бермеген. Маған Алау деген есім берді. Менің атым – Алау. Тағы да айта кететін жайт егер маған: “Сен Қайрат Нұртастың қызысың ғой, суретке түссем бола ма” деп айтса, мен келісімімді бермеймін", – деген еді әншінің қызы. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 16 Шілде, 2025 09:21
Талқылау