Өзгені сүйіп қалған жас келіншек күйеуімен қайтып айырылысарын білмей жүр
Жас келіншек өзіне қол көтеріп, күнде себепсіз жанжал шығаратын күйеуінен мезі болғанын айтып жатыр. Өзі жасы үлкен жігітке ғашық болып, сонымен қосылуға асық болып жүр екен. Бірақ, бұған арадағы баласы кедергі болып отыр. Осы орайда, ол қыз-келіншектерден кеңес сұрап, бақытты болғысы келетінін айтты.
Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.
“Қазір 21 жастамын. Тұрмысқа шығып, бір балалы болдым. Бар мәселе – күйеуімде болып отыр. Оны қатты жек көріп кеттім. Күнде ұрысамыз. Ол маған боғауыз сөздер айтып, ұрады. Маған деген көңілі суып қалған сияқты. Бір шетінен мен де оның алдында кінәлімін. Басқа жігітті сүйіп қалдым. Ол да мені сүйеді. Бірге болған жағдайда, ұлымды өз атына жаздырып алмақ. Жақсы жерде жұмыс істейді, басында үйі бар. Ал 1993 жылғы күйеуімнің тұрақты жұмысы жоқ, тек пәтерден-пәтерге көшіп жүрміз. Не істерімді білмей кеттім. Бір шетінен ұлымды ойлаймын. Екінші жағынан өзімді де бақытқа лайықпын деп есептеймін. Маған ақылдарыңыз керек”, – дейді келіншек.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Анасына протез сұрап хат жазған 6-сынып оқушысы жұрттың жүрегін елжіретті
Психолог ер адамның не себепті опасыздық жасайтынын түсіндірді
Шымкенттік әйел өзін дуалап, күйеуімен ажырастырған құрбысы туралы айтты
Шымкенттік келіншек дуаның әсерінен өзін аямай соққыға жыққан күйеуі туралы айтты