Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда президент, премьер-министр және бірнеше ведомство басшыларының кірістері туралы декларация құпияланады

Қазақстандықтар президенттің, премьер-министрдің, парламент спикерлерінің, ҰҚК, Бас прокуратура және ІІМ басшыларының декларацияларын көре алмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: primeminister

Қазақстанда заңды тұлғалар мен олардың жұбайлары табыстарын көрсететін декларациялаудың үшінші кезеңі аяқталып жатыр. 15 қыркүйектегі жағдай бойынша декларацияны 2,6 миллион қазақстандық тапсырған. Декларацияның төртінші кезеңі 2025 жылдың 1 қаңтарынан басталады.



"2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап саяси қызметкерлердің декларациясы міндетті түрде жариялануға тиіс. Біз президент, премьер-министр, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратураның басшыларынан басқасының декларациясын көреміз. Мен келесі жылы декларациямды жариялаймын. Бірінші болып өзгелерге үлгі көрсетемін. 1 қаңтарда декларация жариялаймын", – деді Такиев.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда жеке тұлғалар үшін жалпыға бірдей декларацияны тапсырудың бірыңғай мерзімі белгіленген еді. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайы тапсыруға тиіс болған.

Ал 250.00 нұсқадағы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тұрғылықты жері бойынша тапсыру қажет екені айтылған. 

Талқылау