Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзге ғаламшарлық екенін мәлімдеген: Ер адам денесіне тұтастай тату салып, мұрнын, құлағын, саусағын кестірді

Австралияда тұратын француз Энтони Лоффредо өзін өзге ғаламшарлық деп жариялады. Ол бүкіл денесіне татуировка салып, сол қолындағы екі саусағын алдырып тастады. Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.  

"Қара түсті өзге ғаламшарлық" болуды армандайтын жігіт қолын жануар тырнағы сияқты ету үшін екі саусағын кестірген. 

33 жастағы Энтони Лоффредо денесінің барлық жерін өзгерткен. Оның ішінде көзінің ішіне татуировка жасатып, мұрны мен жоғарғы ернін алдырып тастаған. 

Instagram-дағы 730 000 жазылушысына өзінің физикалық өзгерістерін көрсетіп жүрген француз Мексикада екі саусағын ампутациялаған.

Осыған дейін Лоффредо бірнеше хирургиялық операция жасап үлгерген. Тіпті тілін екіге айыру үшін ота жасатқан. Алайда осының өзінде ол өзгерістің  "34 пайызынан” ғана өткенін айтады. 

Желідегі суреттер мен видеоларда Лоффредоны хирургтар қоршап, операциялық үстелде жатқанын көруге болады. 

Айтуынша, екі қолы бірдей болу үшін оң қолының саусақтарын да кестірмек. 

Ол Instagram-да былай деп жазды: "Әлемнің екінші бөлігінде менің жобамды жалғастыру мақсатындағы шара жақсы жүріп жатыр, тағы бір арманым орындалды. Негізгі жұмысыңызды жүргізіп жатқаныңызға рахмет, рахмет Мексика, шын жүректен”, – деді ол.  

Талқылау