Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзге елде Қазақстанның туынан жүзік жасатып тағып жүрген жігіт елді сүйсінтті

Түркия елінде жүрген қазақ жігіті не себепті көк тудан жүзік жасатып тағып жүргенін айтып берді.

Безымянный

Қайбір күні Түр­кия еліндегі бір бауырымыз «Мы­на жаңа сақи­нама қа­рашы, қалай екен?», – деп хабарлама жіберген еді, көзім әлгі сары кү­містен жа­салған ұлт­­тық нақыш­тағы сақи­наға түс­ті. Марат досым­нан не себептен са­қи­наңды осын­дай нұс­қада жа­сат­тың деп сұра­ға­нымда:

– Түркия елін­де өз ұлттық нақыш­тарын­да түрлі әшекейлер жасап, құлақ­тарына сырға, қол­дарына жү­зік тағып алып жүре­­тін түріктерді көп көрдім. Мен де осы­лай өз Отанымның туы­ның су­ретін сақинама қоямын деп шештім.

Содан тапсырыс беріп жасаттым, енді осы сақинама қараған сайын туған елім, Отаным ойыма оралады. Сұраған адамдарға мен қазақпын, бұл менің елім­нің көк туы деп мақтанышпен айтамын.

Әке-шешем «Қазақ­тың көк туы біздің ар-на­мысымыз, ол әрқашанда жоғарыда болу керек!», деп үй­реткен және де әлі де үй­ретіп, айтып жүреді, мен де оны болашақта өз бала­ларыма үйретемін.

Әрине, туымыз ең ал­­дымен жүректе болу керек, оны қатты құр­меттеп, сүюіміз керек! – деп жау­ап берді. Шет елде, жат жер­де жүр­ген қан­да­сы­мыз­дың әр сөзінен еліне деген сүйіс­пеншілік, са­ғыныш, пат­риот­­тық сезімі анық бай­­­­қалады. Ен­­де­ше, көк туымызды ба­­ғалап, жо­­ға­ры ұ­с­­­тай білейік, аға­йын!

Егемен Қазақстан 

Жіберіп алмаңыз:

Қытайдан келген оқушы қыз 2017 асықтан көк туды жасап шықты

Моңғолия депутаты 40 мың долларды өз қалтасынан бюджетке аударды

Жүрегі оң жағында орналасқан қазақ қызы сөздерді керісінше оқиды

Талқылау