Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзге ағымдағы қазақ жігіті жарылыс жасап шаһит болу жоспары жайлы айтты (видео)

Желіде қазақ жігітінің адам шошырлық әңгімесі тарап кетті. Көлік ішінде қару асынып отырған жігіт өз жоспары жайында айтты.

images

Видео Facebook желісінің “Жаға ұстатты” тобында жариялынды.

«Мен Алла жолында кәпірлерді өлтіріп, шаһид болсам деймін. Басқа арманым жоқ. Сол үшін әйелімді де, балаларымды да, барлығын құрбан еттім. Бұл дүние жалған. Тек мәңгі жәннаттық болғым келеді. Мына тетікті басып, жарылыстан өзім мерт болсам арманым жоқ», – дейді жас жігіт көліктегі тетікті көрсетіп отырып.

«Кезінде сахабаларымыз да кәпірлермен күрескен. Ол кезде қазіргідей бомба деген жоқ. Сондықтан жалғыз қылышпен 200 кәпірлерге жалғыз өзі қарсы шығып, шаһид болған.  Ол кезде бомбалар болса, сахабаларымыз да біз сияқты істер еді», – дейді ол.

Желі қолданушылары жас жігіттің осы сенімге кіріп кеткенін, нағыз адасқандар жолында жүргенін айтып жатыр.

«Исламда мұсылманның өзіне-өзі қол салуы немесе жарып жіберуі ешқандай шахидтікке жатпайды. Шахид – дін жолында күресу және қан кешу. Ал өзін-өзі жару – интихад деп аталады. Ол исламда күнәнің ең ауыры саналады», – дейді дінтанушы, заңгер Мұхан Исахан.

«Құранда қолынан да, ісінен де ешкімге залалы тимеген адам ғана мұсылман бола алады деп жазылған. Адамның жаны – Алланың аманаты. Оған қиянат жасау екі дүниеде де опалы іс бола алмайды», – дейді “Иман” журналының бас редакторы Оңғар қажы Өмірбек.

Қазақстанда және өзге келдерде “Ислам мемлекеті” ұйымына тыйым салынған.

Тағы да оқыңыз:

Оралда уағызынан соң жігіттер бірден Сирияға аттанатын «Халил шейх» сотталды

Салафиттік ортада танылған уағызшы өзінің қате ағымда болғанын мойындады (видео)

Үш ай сайын некесін қидырған ақтөбелік келіншек жат ағымға қалай түскенін айтып берді (видео)

Талқылау