"Өздерін министрлік қызметкері деп таныстырып, пәтер аралап жүр": Оқу-ағарту министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады
Видеодан скрин
Қазақстандықтар әлеуметтік желіде белгісіз біреулердің өзін оқу-ағарту министрлігінің қызметкері ретінде таныстырып, пәтерлерді аралап, жеке деректерді жинап жүргенін айтып шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана тұрғынының айтуынша, үйіне екі әйел келіп, өздерін министрлік қызметкерлері ретінде таныстырған, тіпті есімдері жазылған бейдждерін де көрсеткен. Бейтаныс әйелдер санақ жүргізіп жүргенін айтып, үйде мектеп оқушылары бар-жоғын сұраған. Содан кейін олардың жеке деректерін блокнотқа жазып алған. Кейін жұмыстарына баға беруді сұрап, бейдждің артындағы QR-кодты көрсеткен.
"Мен телефонды QR-кодқа жақындаттым, бір сайт ашылды. Маған сайт күдікті көрінді, өйткені өте қарабайыр жасалған. Онда "Білім басқармасы", тегі, аты, мекенжайы және балалар саны жазылып тұрды. Мен бәрін күмәнданып тұрып толтырдым да, "ок" батырмасын басқан кезде телефоным өшіп қалды. Сол сәтте ғана телефонымның бұзылғанын түсіндім. Екінші телефонымды алып, бірден камераны қосып, оларды түсіре бастадым. Олар бет-жүзін жасырып, қашуға тырысты", – дейді әйел.
Оқу-ағарту министрлігі ресми түрде министрлік қызметкерлері тұрғын үйлерді араламайтынын және жеке деректерді жинау жұмысын жүргізбейтінін мәлімдеді.
"Өздерін министрлік өкілдері ретінде таныстырып, құжаттарды, деректерді немесе үйге кіруді талап ететін адамдардың министрлікке еш қатысы жоқ және олар алаяқ болуы мүмкін. Азаматтарды сақ болуға шақырамыз және мұндай жағдайларда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуді сұраймыз. Тек ресми ақпарат көздеріне сенуге кеңес береміз", – делінген министрлік хабарламасында.
Талқылау
Қазақстанда қант диабетінің әлеуметтік маңызы бар аурулар қатарынан алынуы дау туғызды: Енді мемлекеттік көмекті кімдер алады
Желі қолданушысы: "МӘМС-ке төлесем де дәрілерді сатып аламын"
"Қауіпті ортада жүрудің құны бар-жоғы 160 мың теңге": Қазақстандық жедел жәрдем қызметкерлері жаппай бас көтерді
Қызметкерлер ай сайын 30-45 мың теңгедей кем жалақы алып жүр