Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өздерін Болашақ пен ҰҚҚ қызметкері ретінде таныстырған: Қазақстандық әйел алаяқтардың кесірінен екі пәтері мен көлігінен айырылды

Алаяқтар Ақтөбе тұрғынын қымбат мүлкін сатуға мәжбүрлеп, одан 53 миллион теңге бопсалаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жәбірленушіге WhatsApp мессенджері арқылы белгісіз ер адам телефон соғып, өзін "Болашақ" бағдарламасының президентімін деп таныстырған.

"Қоңырау шалушы оның ықтимал алаяқтық әрекеттері бар-жоғы тексерілетін адамдардың тізімінде екенін және ҰҚК қызметкерімен сөйлесу керегін айтты", – делінген баспасөз хабарламасында.

Содан кейін әйелге “ҰҚК қызметкері” хабарласып, белгісіз біреулер оның аккаунтын пайдаланып, алаяқтық жасамақ болғанын айтқан. Оның айтуынша, мұның алдын алу үшін барлық шараны әріптесінің нұсқауы бойынша жүргізу қажет.

"Қаскөйлер оны алдап, екі пәтері мен бір көлігін сатуға мәжбүрлеген. Жәбірленуші одан түскен ақшаны – 53 миллион теңгені алаяқтардың шотына аударған", – деп түсіндірді департаментте.

Полицейлердің ескертулеріне қарамастан, қазақстандықтар арасында интернет алаяқтық құрбандарының саны артып отырғаны атап өтіледі. Мәселен, жыл басынан бері Ақтөбе облысында мұндай 108 жағдай тіркелген.

Полицейлер азаматтарға қырағы болу керегін еске салып, күдікті қоңырауларға сенбеуді, жеке мәліметтерді жарияламауды, алаяқтық фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды кеңес етті. 

Талқылау