Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзбектер мен қырғыздар сақ болуы керек": Қадыров шекараларды нығайтуға шақырды

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Ауғанстандағы оқиғаны американдықтардың мұсылмандарға қарсы тағы бір құйтырқылық әрекеті деп атады. Онымен қоса Ресеймен одақтас мемлекеттер шекараларын нығайтып, барлығына дайын болу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Риа Новости-ге сілтеме жасап.

"Америка мұсылмандарға қарсы тағы бір жылмысқы әрекет ойлап тапты. Бір кездері олар бұл жерден ешқашан шықпайтынын айтқан еді, енді бәрін тастап қашып кетті. Елестетіп көріңізші, ол жақта адамдардың қаза тауып келе жатқанына он жол болды. Осыдан 5 жыл бұрынғы ақпарат бойынша 2 миллион жазықсыз тұрғынның көз жұмғаны айтылады. Қазіргі уақытта қайтыс болғандар қаншама. Байғұс тұрғындарды қинауда. Бен Ладен де, тәліптер де америкалықтардың ойлап тапқан жобасы. Сондықтан біз, одақтас мемлекеттер шекарамызды нығайтып, барлығына дайын болуымыз керек. Біз үшін ешқандай мәселе болмайды, бұйрық болса болды – біздің мемлекетімізге, егемендігімізге, халқымызға қауіп төндіретін кез келген адамды тоқтатамыз", – деді Рамзан Қадыров ұлы Адам Қадыровтың Instagram-дағы парақшасында өткен тікелей эфир кезінде.



"Біздің бауырларымыз - өзбектер, тәжіктер, қырғыздар, түрікмендер - бәрі де сақ болулары қажет. Ауғанстан елімен шекаралас мемлекеттер үшін қауіпті. Американдық мырзалар осыны қалайды" , – деп қосты Шешенстан басшысы.

АҚШ президенті Джо Байден бұған дейін террористік шабуылдардың 20 жылдығына орай 11 қыркүйекке дейін Ауғанстаннан әскерді шығару туралы шешімін ресми түрде жариялады, содан кейін Джордж Буш әкімшілігі Ислам республикасында "Әл-Каида" лаңкестік ұйымына қарсы операция бастады. 

Естеріңізге сала кетейік, 15 тамызда "Талибан" қозғалысы Ауғанстанды толық басып алғанын жариялады. Президент Ашраф Гани елден қашып кетті.
Бұқаралық ақпарат құралдары экс-ішкі істер министрі Әли Ахмад Джалали Ауғанстанның өтпелі әкімшілігін басқарады деп жазды, бірақ Талибан өкілдері уақытша үкімет құру туралы талқыламағанын айтты. Ішкі істер министрлігі билікті бейбіт түрде беруге уәде берді, ал түстен кейін Талибандар мен үкімет арасында келіссөздер жүргізіле бастады.

Талқылау