Өзбекстаннан келген әйел қазақстандықтардан 3 миллион теңге жинап берулерін сұрап отыр
Ақтөбе облысының, Мартұқ ауылында тұратын этникалық өзбек Манзура Тошмонова Қазақстан азаматтығын алу үшін халықтан өзіне 3 миллион теңге жинап берулерін сұрайды. 39 жастағы әйел құжат қолыма тиген соң қарызымды қайтарып беремін деп отыр.
Бұл туралы “Эврика” басылымы жазады.
Манзура бес жылдан бері күйеуімен, үш баласымен тұрып жатқан ауыл керемет дейді.
“Мұнда көптеген ұлттар бір-бірімен тату-тәтті тұрып жатыр. Ең бастысы – балалар үшін бар жағдай жасалған. Менің балаларымды мектепте бәрі жақсы қабылдап, тез сіңісіп кетті”, – дейді ол.
Осы үшін ол күйеуімен Мәскеуден осында көшіп келген.
“Мен Өзбекстанның Сурхандария облысынанмын. Мектепте орыс тілі мен әдебиетін жақсы көрдім. Бірақ, туған жерімде өмір сүру қиын еді, сол үшін Ресейге кеттім”, – дейді Манзура.
Мәскеуде ол кез-келген жұмысты істеген. Бірнеше жыл өткен соң Виктор есімді жігітпен танысады. Жастар бір-бірін ә дегеннен жақсы көріп, бас қосқан.
“Қағазбастылыққа байланысты біз Өзбекстанда тіркелдік. Күйеуімде Ресей азаматтығы, ал балаларымда – өзбекстандық құжат. Мен бала босану үшін Сурхандария облысына барып жүрдім. Көшу туралы үлкен ұлымыз мектепке барар сәтте ойландық. Өзіміз үшін де, балаларымыз үшін де Мәскеу қолайсыз болып, Қазақстанға көштік”, – дейді ол.
Елге келіп жер алып, үй салған соң барып азаматтық алудың қиын екенін білген.
“Миграциялық полиция есепшотта алдымен үш миллион теңге болу керек екенін айтпады. Мен үй сатып алып, Өзбекстандағы тіркеуімнен шығып, қайта келген соң барып белгілі бір қаражат шотта тұру керек екенін білдім”, – дейді әйел.
Бірақ, отбасыға мұншама қаражатты табу қиынға соғып отыр. Күйеуі жұмыс істеу үшін жиі Ресейге кетіп тұрады. Ал өзі баламен үйде. Үйдің өзі не өзінің, не күйеуінің атына рәсімделмеген. Қазіргі қожайынмен 2019 жылға дейін жалға аламын деп ғана келісіпті. Ал облыстық миграциялық қызметтің мәлімдеуінше, тұрақты түрде Қазақстанда тұру құқығын иелену үшін олар төлем қабілеттілігі, сотталмағаны туралы және медициналық анықтаманы ұсынуы тиіс. Тошманова енді қазақстандықтардан көмек сұрап отыр.
Оқи отырыңыз:
Қостанайлық психиатрды өлтірді деп айыпталған дәрігер бас дәрігерді де өлтіруге тапсырыс берген
Шымкентте мас жүргізуші 10 жасар қызды қағып кетті
Қайғылы жағдай: Көкшетауда өрттен шошыған келіншектің тілі байланып қалды
Алматы зообағының бар қарызын жауып берген кәсіпкер өзін сынағандарға жауап берді