Өзбекстандық шахматшы Нодирбек Якуббоев әйел қарсыласының қолын алудан бас тартты (видео)
Tata Steel Chess супертурнирінде өзбекстандық гроссмейстер Нодирбек Якуббоев ойын басталар алдында үндістандық қарсыласы Рамешбабу Вайшалимен қол алысудан бас тартты. Оның бұл әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын туғызды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: O‘zbekiston shaxmat federatsiyasi/Марии Емельяновой/Chess.com.
Нодирбек Якуббоев ойын басталар алдында өзіне қол созған Рамешбабу Вайшалидің қолын қайтарды. Шахматшының бұл ишарасы желі қолданушыларына ұнамай қалды.
Бірақ гроссмейстер ойын аяқталған соң болған жағдай үшін кешірім сұрады. Айтуынша, Нодирбек Якуббоевтің бұл әрекеті діни себептерге байланысты. Алайда желі қолданушылары оның бұған дейін басқа шахматшы қызбен қол алысқан сәтін еске салды.
“Содан бері өз ұстанымдарымды өзгерттім”, – деп жауап берді Нодирбек Якуббоев.
Турнирден кейін гроссмейстер Рамешбабу Вайшалимен және оның шахматшы ағасымен кездесіп, болған жағдай үшін кешірім сұрады. Нодирбек Якуббоев оларды және үндістандық шахматшыларды құрметтейтінін айтып, алдағы ойындарға сәттілік тіледі.
Өз кезегінде Рамешбабу Вайшали түсініспеушілік болғанын растап, өзбекстандық шахматшының кешірімін қабылдады.
🇺🇿 Nodirbek Yakubboev refused to shake hands with Vaishali at Tata Steel Chess due to religious reasons.
— The Khel India (@TheKhelIndia) January 27, 2025
He had earlier shaken hands with Indian Player like Divya Deshmukh during 2023 🤷
Anyways, Vaishali has defeated Nodirbek in the same game! 🙌 pic.twitter.com/uz2ENg8etT