Әйелі күйеуімен көңіл көтерген келіншекті өлімші етіп сабаған
Өзбекстанның Қашқадария облысының тұрғыны жарының көзіне шөп салғанын кешірмей, оның көңілдесін сабап тастаған. Енді ол үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі Рodrobno.uz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Өзбекстан тәртіп сақшыларының хабарламасы бойынша, қылмыс сәуір айында тіркелген. Кешкі уақытта Қаршы қаласының 33 жастағы тұрғыны туыстарымен бірге күйеуінің көңілдесі жалдап тұрған пәтерге барған.
Келіншек күйеуінің 30 жастағы көңілдесін өлімші етіп сабап, тырдай шешіндіріп, барлығын телефон камерасына түсіріп алған. Кейін сол бейнежазбаны әлеуметтік желіде жариялап жіберген. Өзбекстан басылымдары жазғандай, сол пәтерде күдікті келіншектің күйеуі де болған. Бірақ әйелі оның көңіл қосқан келіншегін ұрып, қорлап жатқанда араша түспеген.
Қашқадария облысының полицейлері бұл іске қатысты "Зорлық-зомбылықпен заңсыз бас бостандығынан айыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Бұл бапқа қатысты үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ата-анамызды асырауға біз міндеттіміз бе?: Бұл сұрақ қазақстандықтардың пікірін екіге бөлді