Өзбекстанда қажетсіз шенеуніктер жаппай қысқартылмақ
Фото: president.uz
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев биліктегі артық және тиімсіз қызметкерлерді қысқартуды тапсырды. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл қадам мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыруға бағытталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жоспарға сәйкес аудан және қала әкімдерінің орынбасарларының саны 6-дан 4-ке дейін азаяды. Сонымен қатар 32 аудан мен қалада тоғыз министрліктің аумақтық бөлімшелері жергілікті әкімдіктердің (хокимияттардың) қарамағына өтеді.
Енді аймақ басшылары бұл бөлімшелерді өздері басқарып, кадрлық шешімдерді қабылдай алады.
Оқу жылы басталғалы Өзбекстан үкіметінде де бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды. Президент Мирзиеев "Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігінің" бірнеше орынбасарын қызметінен босатты.
Сондай-ақ білім сапасын қамтамасыз ету агенттігі мен инновациялық даму агенттігінің басшылары да лауазымдарынан айырылды.
Қытайда экс-министр пара алғаны үшін өлім жазасына кесілді
Тізімде шенеуніктер жоқ: Қазақстанда кімдер 15 миллион теңгеден жоғары жалақы алады
Еске салайық, бұған дейін Моңғолияда премьер-министр ұлы сән-салтанатты өмірін көрсеткені үшін отставкаға кеткен еді. Парламент оған сенім білдірмей, тек 44 дауыс берген. Наразылыққа премьердің ұлының қымбат бренд заттары мен көлігін көрсеткен видео түрткі болды. Бұл елдегі жемқорлық пен теңсіздікке қарсы халық ашуын күшейтті.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
