Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы Гүлнара Каримова тұтқынға алынды

Өзбекстанның Бас прокуратурасы елдің бұрынғы президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримоваға қылмыстық кодекстің бірнеше айып тағылғанын хабарлады.

c1855e25-3885-48b3-a501-04e44519ff8b

Тергеу дерегі бойынша, Каримова ел аумағында ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекет етуіне тікелей араласқан.

Бұған дейін 2013 жылы 24 қазанда Каримованың үстінен Terra Group, Prime Media, Gamma Promotion бойынша салықты жасырып қалды деп іс қозғалған болатын.

“Тексеру барысында Гүлнара Каримованың 2001-2012 жылдар аралығында Н. Содиков, 2013 жылдан бері қарай Р. Мадумаров басқарған ұйымдасқан қылмыстық топтың ісіне тікелей араласқаны анықталды”, – делінген ресми хабарламада.

Қазір Каримованың әрекетіне қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды. Оған өзгенің мүлкіне қол сұқты, шетел валютасын жасырды, кеден заңдылықтарын бұзды және жалған құжат жасады деген айыптар тағылуда. Осы айыптаулар негізінде оған қамауға алу туралы шешім шығарылған.

Прокуратураның хабарлауынша, Каримова мен ұйымдасқан қылмыстық топтың келтірген шығыны 1,2 триллион сум, 1,6 миллиард доллар және 26,1 миллион евро деп бағалануда. Өзбекстанның ұлттық валютасына шаққанда бұл шығын 3,7 триллион сумды көрсетеді.

Оқи отырыңыз:

Қазақстан азаматы сергіп шығу үшін Ыстықкөл өзеніне көлігімен түсіп кетті

24 жастағы қыз өзінің 40-тан астам адамды зорлап өлтірген қанішер күйеуін ерекше сүйетінін айтты

67 жастағы әйел 40 жылдан бері жапан даладағы аралда жалғыз тұрады (фото)

2025 жылы біздің асүйіміз қандай болады (фото)

Талқылау