Өзбекстанда "Док-1 Макс" препаратынан 19 бала көз жұмды: Өндірушілер жағдайға түсініктеме берді
Өзбекстанда "Док-1 Макс" үнді препаратынан кейін Өзбекстанда 19 бала көз жұмды. Өндірушілер бұған түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Aninews.in сайтына сілтеме жасап.
29 желтоқсанда Үндістандағы Marion Biotech компаниясының өкілі Хасан Харрис сироп өндірісі тоқтатылғанын, қазіргі уақытта тиісті тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.
"Біз бұл қаралы жағдайға өкінеміз. Үкімет тергеу жүргізуде. Нәтижелер бойынша тиісті шаралар қолданылады. Үлгілер алынды. Бұл өнімнің өндірісі тоқтатылды, басқа процестер жалғасуда", – деді Харрис .
Marion Biotech өкілі Өзбекстан мен Үндістан үкіметтері барлық мәліметтерді зерттеп, тексеру жүргізіп жатқанын атап өтті.
Үндістанның денсаулық сақтау министрлігі Marion Biotech компаниясының лицензиясы бар өндіруші екенін және Уттар-Прадештің дәрілік заттардың айналымын бақылау басқармасы шығарған Док-1 Макс сиропы мен таблеткаларын өндіруге лицензиясы бар екенін айтты.
Бұған дейін Өзбекстанда "Док-1 Макс" ЖРВИ препаратын қолданғаннан кейін соңғы екі айда 15 бала көз жұмғаны белгілі болды. 29 желтоқсандағы жағдай бойынша мерт болған балалардың саны 19-ға жетті.
Өзбекстандағы "Док-1 Макс" таблеткалары мен сироптары 2012 жылы тіркеліп, сол жылы сатылымға шықты. Препарат Өзбекстанға Quramax Medical ЖШҚ тарапынан әкелінді.
Қазіргі уақытта осы дәрілік препараттың таблеткалары мен сироптары Өзбекстанның барлық дәріханаларында сатылымнан шығарылды. Алдын ала зертханалық зерттеулер көрсеткендей, "ДОК-1 Макс" сиропының бұл сериясында этиленгликоль бар. Бұл зат улы және оның аз мөлшері пациенттің денсаулығында құсу, естен тану, құрысулар, жүрек-қан тамырлары ауруы және жедел бүйрек жеткіліксіздігі сияқты елеулі мәселелер тудыруы мүмкін.
Quramax Medical ЖШҚ және "дәрілік заттарды стандарттау ғылыми орталығы" ЖШҚ лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер тергеу изоляторына орналастырылды.