Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанда балабақшада 109 бала айраннан уланып қалды

уланып қалдыФото: Maktabgacha va maktab ta'limi vazirligi Telegram-арнасы

24 қыркүйекте Өзбекстанның Ташкент облысында балабақшада 109 бала уланып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

24 қыркүйекте Ташкент іргесіндегі төрт ауданда балабақшаға баратын балалар асқазан-ішек және тамақтан болатын аурумен жұқпалы аурулар ауруханаларына түсті. Сол күні олардың басым көпшілігі денсаулығының жақсаруына байланысты үйіне шығарылды.

25 қыркүйек күні кешкі жағдай бойынша Оққорған ауданында 97, Күй-Шыршық ауданында 12 бала дәрігерлердің бақылауында қалды. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр. 


"Сұмдық жағдай": Тоқаев Маңғыстауда тамақтан уланып қалған балалар туралы айтты


Өскемендегі мейрамханалардың бірінде мерекелік кешке жиналған қонақтар уланып қалды


Оқиға орнына Өзбекстанның Мектепке дейінгі және мектептегі білім министрі барған. Оның тапсырмасымен балабақшаларда тексерулер басталды. Құқық қорғау органдары да жағдайды қадағалап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. 

Алдын ала болжам бойынша, улануға сапасыз сүт өнімдері себеп болған. Мектепке дейінгі мекемелерге жеткізілген 3,2 пайыздық айран Оққорған ауданындағы мекемеде өндірілгені анықталды. Айран мен басқа да азық-түлік өнімдерінің сынамалары зертханаларда сараптамадан өтіп жатыр. 

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде балалармен қоса сегіз адам сушиден уланып қалғаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 26 Қыркүйек, 2025 10:35
Талқылау