Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстан мен Қырғызстанда бір күнде жер сілкінді

Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық болжамды бақылау республикалық орталығы 9 қыркүйекте таңғы 05:45-те Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында жер сілкінгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: podrobno.uz

Орталықтың мәліметінше, жерасты дүмпулерінің ошағы Ташкенттің Мирзо-Ұлықбек ауданында болған. Жер сілкінісі Мирзо-Ұлықбек, Мирабад, Шайхантахур, Яшнабад, Алмазар, Яккасарай, Чиланзар аудандарында қуаты 2 балл болған. 

Дәл осы күні сағат 09.41-де жер сілкінісі Қырғызстанның Баткен облысында болған. Бұл туралы Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Министрлікке қарасты Қырғызстан сейсмология институтының дерегіне сенсек, Көк-таш ауылында жер сілкінісінің қуаты 2,5 балл болса, Бұлақ-башы ауылында 2 балл тіркелді. Жерасты дүмпулерінің ошағы Көк-таш ауылынан 10 шақырым жерде болған. 

Қуанышқа орай, Өзбекстанда да, Қырғызстанда да жер сілкінісі кезінде ешкім жарақат алмаған. 



Еске салайық, бұған дейін 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Астана уақытымен 00 сағат 09 мин 02 секундта алматылықтар қатты жер сілкінісін сезгенін жаздық. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде тіркелді. Магнитудасы – 6,7 балл. Бұдан соң тұрғындар қалада тағы да бірнеше жер сілкінісі сезілгенін хабарлады. Кейін ақпанның 4-і күні сағат 11:22 кезінде Алматы қаласында тағы да 5 балдық жер сілкінісі болды.

Талқылау