Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстан Airways әуе компаниясының Бұхара-Мәскеу бағытындағы ұшағының қозғалтқышы істен шықты

Өзбекстан әуе жолдарының Airbus A320 ұшағы әуежайға жақындаған кезде қозғалтқышы істен шықты. Бұхарадан Мәскеуге ұшып бара жатқан ұшақ сәтті қонды. Ұшақ бортында 132 жолаушы болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Gazeta басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: НАК Узбекистан

15 қаңтарда Өзбекстан әуе жолдарының HY9607 рейсі Мәскеу әуежайына жақындаған кезде қозғалтқышы істен шықты. 

"Бұхарадан Мәскеуге ұшатын Airbus A320 ұшағының экипажы қажет процедураларды дер кезінде орындап, Внуково әуежайына қону туралы шешім қабылдады. Қону сәтті өтті. Бортында 132 жолаушы болды", – делінген хабарламада. 



Қазір "Uzbekistan Airways" техникалық қызметтері ұшақта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қозғалтқыштың істен шығу себептері әлі анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдан Анталияға ұшқан Air Astana ұшағы ақауына байланысты Ақтауға шұғыл қонғаны туралы жазған едік. 

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Баку-Грозный бағыты бойынша ұшқан AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам болған. Апат салдарынан 38 жолаушы қаза тауып, 29 адам аман қалды.

Айта кетейік, Қазақстан үкіметі Ақтаудағы қайғылы оқиғаны толық әрі ашық тергеу үшін рейсті жазу құрылғыларын Бразилияға жіберу туралы шешім қабылдаған еді. Артынша ұшақтың қара жәшіктерін талдау жұмысы аяқталғаны айтылған.

Талқылау