"Өз өмірін жақсартуға" уәде берген кандидат ауыл әкімдерінің сайлауында жеңіске жетті
Қазақстандықтарға "өз өмірін жақсартуға" уәде берген мәслихат депутаты және әкім қызметіне кандидат Сапар Барлыбаев сайлауда жеңіске жетіп, Ерейментау қаласының әкімі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысы әкімдігінің өкілдері 45 жастағы Сапар Барлыбаев сайлауда жеңгенін растады.
Сапар Барлыбаев "Хабар 24" телеарнасындағы "Әкімдер" бағдарламасының жүргізушісі Асхат Ниязовқа сұхбат берген.
"Егер бәріміз бірге дұрыс таңдау жасап, маған дауыс берсеңіздер, мен өз өмірімді жақсартуға тырысамын", – дейді ол.
Сапар Барлыбаевтың бұл сөзі Қазнетте мемге айналған болатын.
- Ауыл әкіміне үміткерлердің кейбірінің дипломы жалған болып шықты
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"