Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өз бақытын күте білген қыз": Мақпал Исабекова елдің жүрегін елжіретті

Жақында тұрмыс құрған Мақпал Исабекова желіде жантебірентерлік жазба қалдырып, оқырмандарының жүрегін елжіретті, деп жазады Stan.kz.


Әнші той көйлегімен түскен суретін жариялап: "Өз бақытын күте білген қыз ғой", – деп жазба қалдырды.

Иә, бұл күнді Мақпал ұзақ күтті. Туған-туыс пен елдің үнемі "Қашан тұрмысқа шығасың?" деген сауалына нақты жауап айта алмай келген әнші биыл 37 жасқа толды. 


"Мені сырттай ұнатып жүрген": Мақпал Исабекова сүйіктісімен қалай танысқанын айтып берді


Кезінде Мақпалды біресе Айқынмен, біресе Иван Бреусовпен жұптастырған елдің көкейін мазалаған ендігі сұрақ: "Мақпалдың жұбы кім?" 

Алайда жеке өмірін жария еткенді аса ұнатпайтын әнші күйеуіне қатысты ешқандай ақпарат қалдырмады. Тек үлкен тойдың келер жылға жоспарланып отырғанын айтты.

“Достар, құттықтауларыңызға рақмет! Мен бақыттымын, біз бақыттымыз! Бізде той болған жоқ. Тек загс-ке тіркеліп, жақын адамдарымыздың ортасында кішігірім кешкі ас ұйымдастырдық. 

Той Алла қаласа, келесі жылы”, – деді Мақпал.

Ал желідегілер Исабекова үшін шын қуануда. 

"Ноябрь" әнін айтып жүріп, сол айда танысқандарыңызды айтсаңызшы. Осы қараша – сіз үшін игі істер болатын ай секілді. Осы ай – сіздің символыңыз, табысқа апарар тұмарыңыз секілді", "Жаным, бақытты бол! Отырған қыз орнын табады деген осы", – деп жылы лебізін білдірді оқырмандар.
 

Талқылау