Атырауда 25 жастағы жігіт әке-шешесін өз қолымен өлтіріп, артынша суицид жасаған
Атырауда бір отбасындағы үш адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: brl.mk.ru
Атырау облысының полицейлері қос кісі өлтіру және өзін-өзі өлтіру фактілерін тергеп жатыр.
Полиция департаментінің мәліметінше, ерлі-зайыптыны өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр. Сондай-ақ марқұм ерлі-зайыптының ұлының мәйіті де табылды.
"Алдын ала мәлімет бойынша, 25 жастағы жігіт 65 және 58 жастағы ата-анасын өлтіріп, кейіннен өз өзіне қол салған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысында төрт бірдей жұмысшы қаза тапқаны туралы жазған едік.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық